2025 жылдың 1–14 желтоқсан аралығында Дулати университетінің доценттері Кожабеков С.С., Абдрахман Г.К. және аға оқытушы Ахметова М.К. Өзбекстан Республикасындағы Альфраганус университетінде «Академиялық мобильдік» бағдарламасын жүзеге асыруда.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
• жетекші жоғары оқу орындарының озық тәжірибесін меңгеру;
• оқытудың жаңа әдістемелерін және ғылыми зерттеулер жүргізудің заманауи тәсілдерін үйрену;
• білім беру стандарттарын жетілдіру және оқу бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
• ғылыми байланыстар аясын кеңейту;
• шетелдік серіктес университетте оқу-әдістемелік және ғылыми іс-шаралар өткізу;
• Өзбекстанның білім беру жүйесі мен мәдениетімен жақынырақ танысу.
Аталған іссапар екі елдің жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

