4–5 желтоқсан күндері Тараз қаласында өткен NOMAD MMA Қазақстан Республикасының кубогында Дулати университетінің оқытушылары жоғары нәтижелерімен көзге түсті.
Аталған додада Ибраһим Жақай бірінші орынға ие болса, Бекнұр Алмешев екінші орынды қанжығасына байлады. Ұстаздарымыз қарсыластарына есе жібермей, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
