2025 жылдың 5 желтоқсанында Дулати университетінде QS өңірлік директоры С.В. Христолюбовтың қатысуымен кеңейтілген стратегиялық сессия өтті. Мұндай аналитикалық-стратегиялық іс-шаралар университеттің QS 2027 рейтингтік цикліне дайындығындағы және оның халықаралық білім беру кеңістігіндегі позицияларын нығайтудағы маңызды кезең болып табылады.
Сессия барысында QS тарапынан дайындалған кешенді талдамалық материалдар ұсынылды. Олардың ішінде Дулати университетінің QS Asia University Rankings, QS Sustainability Rankings көрсеткіштері, сондай-ақ QS World University Rankings by Subject әдістемесі бойынша пәндік бағыттардағы нәтижелері қамтылды. Бұл аналитика университеттің қазіргі позицияларын жан-жақты бағалауға, күшті тұстарын анықтауға және қосымша дамуды қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.
Ерекше назар ғылыми нәтижелілікті арттыруға, халықаралық ғылыми коллаборацияларды күшейтуге, цитатталуды өсіруге, интернационалдандыруды дамытуға, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы университеттік саясатты жүзеге асыруға аударылды. Ұсынылған деректер негізгі рейтингтік көрсеткіштерді жақсартудың нақты механизмдерін қалыптастырудың негізіне айналды.
Университеттің позицияларын жүйелі түрде жақсарту мақсатында алдағы апталарда өтетін стратегиялық сессиялар сериясы басталды.
Олар мыналарды қамтиды:
- - өсуге арналған мақсатты индикаторларды нақтылау;
- - халықаралық және жұмыс берушілер арасындағы репутацияны арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу;
- - кадрлық және зерттеу әлеуетін күшейту;
- - факультеттердің пәндік стратегияларын халықаралық талаптарға сәйкестендіре отырып жетілдіру;
- - жарияланымдық белсенділік пен халықаралық жобаларды арттыруды жоспарлау.
Өткен сессия қорытындылары Дулати университетінің жаңартылған даму стратегиясының негізіне айналады. Бұл стратегия университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ғылыми өнімділікті күшейтуге және халықаралық сапа стандарттарына сай заманауи академиялық орта қалыптастыруға бағытталған.
Дулати университеті зерттеулерді, инновацияларды және академиялық әріптестікті дамыта отырып, әлемдік білім беру картасындағы өз позицияларын нығайту жолында жүйелі түрде ілгерілеп келеді.



